"Қарағанды медициналық - техникалық колледжі" ЖШС - де Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған "Адалдық сағаты" атты тақырыпта ДТ - 103 топта кураторлық сағат өткізілді.

"Адалдық сағат" кураторлық сағатта ең маңызды құндылықтарға тоқталдық - парасаттылыққа, адалдық пен әділдікке. Бұл принциптер әр адам өз әрекеттері үшін жауап беретінін және адал мен әділ қоғам құруға қалай көмектесетінін туралы айтылды. Біз көптеген жаңа нәрселерді біліп қана қоймай, кез - келген жағдайда адал және әділ әрекет етуге деген ұмтылысты нығайта алдық.