Колледжге түсуге арналған психометриялық тест
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетіндер құрамына студенттерді қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және мамандандырылған пәндерді бағалаудың жалпы баллының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бағалаудың жалпы баллы қалыптастырылады:
- негізгі орта білімі бар талапкерлер үшін (9 сынып) - үш пән бойынша: міндетті пән (қазақ немесе орыс) және мамандық профиліндегі екі пән бойынша
- Қазақ тілі/Орыс тілі
-Биология/Математика
-Химия/Физика
- жалпы орта білімі бар талапкерлер үшін (11 сынып) - төрт пән бойынша бағалаудан: міндетті пәндерден (қазақ немесе орыс, Қазақстан тарихы)
-Қазақ тілі/Орыс тілі
- Қазақстан тарихы
-Биология/Математика
-Химия/Физика
Медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта білім (негізгі жалпы), жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар 100 балдық шкала бойынша психометриялық тестілеуден өтеді.
Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясы бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтініш берушілермен сұхбат жүргізеді;
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар үшін - білімі туралы құжаттың орташа балы (диплом).