Қарағанды Медициналық-Техникалық Колледжі

 

«Қарағанды Медициналық-Техникалық Колледжі» тарихы 1996 жылдан бастап Алматы қаласындағы профессор «Рузуддиновтың стоматологиялық колледжі» көшпелі мектеп нысанында басталады. «Қарағанды медициналық-техникалық колледжі» ЖШС   «Профессор Рузуддиновтың стоматологиялық колледжі» мекемесінің Қарағанды филиалының жабылуы нәтижесінде 2009 жылдың 27 тамызында  құрылған болатын, ол өз уақытында 2000 жылы 20 сәуірде Алматы қаласындағы «профессор Рузуддиновтың стоматологиялық колледжі» базасында ашылған. «Қарағанды медициналық-техникалық колледжі» ЖШС-нің негізін қалаушы - медицина ғылымдарының докторы, профессор Рузуддинов Саурбек Рузуддинович.

Колледждің қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен 2009 жылдың 27 тамызында берілген № 0039696 техникалық және кәсіптік білім саласындағы мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.

 

Колледж № 1, № 2, № 3 корпустарында орналасқан: Қарағанды қ., Жамбыл к-сі, 19, Жамбыл к-сі, 28, Тәттімбет к-сі, құрылыс19 үй .

 

Оқу түрі күндізгі 9 және 11 сынып негізінде. Оқыту тілдері: Мемлекеттік және орыс тілдері.   

 

«Қарағанды Медико-техникалық колледжі» ЖШС-нің міндеті   ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған қажетті жағдайлар жасау жолымен кәсіптік және техникалық білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру; нақты мамандық пен кәсіп бойынша қажетті теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар кәсіптік және техникалық білімі бар білікті мамандарды даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады.

 

Колледж келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:

 

0307000 «Ортопедиялық стомотология» «Тіс технигі» біліктілігі;

 

0304000 «Стоматология»: «Стомотолог  дәрігер көмекшісі», «Стомотологиялық гигиенист», «Дантист» біліктіліктері;

 

0308000 «Медициналық оптика»  «Медициналық оптик» біліктілігі;

 

1121000 «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» «Техник-электроник» біліктілігі;

 

0302000 «Мейіргер ісі»  0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі.

 

Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

 

Колледж басшылығы Қарағанды қаласының келесі жетекші медициналық мекемелерінде білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өту үшін келісім-шарттар жасады: «Стоматологиялық Бірлестік» ЖШС, «Профессор Рузуддиновтың стоматологиялық колледжі» ЖШС, «Эстет Стоматология» ЖШС, «Облыстық жақ-сүйек бет ауруханасы» КМК, «Зуботехникалық зертхана» ЖШС, «Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы» КМҚК.   

 

Колледж білім алушылары жыл сайын «Тіс технигі» мамандығы бойынша үздік медициналық колледждердің білім алушыларының Республикалық байқауынларына белсенді қатысады, онда үздік теориялық білімдері мен практикалық жұмыстарды орындаудың жоғары деңгейін көрсетеді. 2000 жылдан бастап колледж жүздеген білікті мамандар шығарды. Колледж түлектері Қарағанды қ., Қарағанды облысының және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде (Ресей, Германия, АҚШ) жетекші клиникаларында жұмыс істейді.

 


1. "Қарағанды медициналық-техникалық колледжі" ЖШС миссиясы – Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық ұйымдары үшін орта медициналық қызметкерлерді даярлау саласында білім беру қызметтері нарығында колледждің бәсекелестік позициясын арттыру, оқу және тәрбие процесін, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жетілдіру, қызметтің барлық бағыттарының сапасын үздіксіз жақсарту негізінде мүдделі тараптардың талаптарын орындау.
2. "Қарағанды медициналық-техникалық колледжі" ЖШС–нің пайымы - халықаралық қоғамдастықта танылатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды шығаратын, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу арқылы білім мен тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ететін, ұлттық медициналық мектепті дамытатын, өз дәстүрлерін сақтайтын және көбейтетін медициналық білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жауапты көшбасшы.
3. Стратегиялық мақсаты: медициналық қызметтер нарығында сапалы кәсіби медициналық білім беруді, қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сәйкес
практикалық денсаулық сақтауға енгізілетін заманауи мейіргерлік технологияларды ұсынатын бәсекеге қабілетті инновациялық колледждің тиімді моделін құру.